22 тамыз 2014 17:15

Отардағы жарылыс бойынша айыпкерлер сотқа берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі ©Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Бас әскери прокуратураның "Казахвзрывпром" акционерлік қоғамының Отар станциясында орналасқан кәдеге жарату бекетінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас әскери прокуратураның "Казахвзрывпром" акционерлік қоғамының Отар станциясында орналасқан кәдеге жарату бекетінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу кәдеге жарату бекетінде патрондарды босату модулін іске қосу барысында лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын және жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерінің, қауіпсіздікті сақтау әрекеттерінің, өндірістік санитария, тағы басқа талаптардың бұзылғанын анықтады. Жарылысқа соқтырған төтенше оқиғаға айыпкерлер 20 тамызда сотқа берілді.

Сот алдында "Казахвзрывпром" акционерлік қоғамының кәдеге жарату департаментінің бастығы Оракеев және бас инженер Емельянов, Отар станциясындағы кәдеге жарату бекетінің бастығы Орлов, кәдеге жарату бекетінің бас инженері Гурьянов, қауіпсіздікті сақтау инженері Қыдырәлиев және станциядағы ауысым бастығы Сазонов жауап береді.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы Қордай аудандық сотына қарауға жолданды.

Бұған дейін Отардағы жарылыс кезінде жеті адамның зардап шеккені хабарланған болатын. "Оқиға салдарынан Алдабергенов пен Есембаев тілге келместен қайтыс болды. Ал зардап шегуші Сигаев ауыр халде", - деп мәлімдеген болатын өткен жылдың 28 тамызында Бас әскери прокуратураның өкілі. Кейін Сигаевтың да қайтыс болғаны хабарланды. Зардап шегуші Мамутов пен Байтеміров әскери медицина мекемесінен Қордай аудандық орталық ауруханасына ауыстырылды. Мұздыбаев 28 тамыз күні медицина мекемесінен шығарылды. Еске салайық, Отардағы жарылыс 2013 жылдың 27 тамызы күні оқ-дәріні залалсыздандыру кезінде болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети