15 маусым 2016 10:57

Өзенге құлап кеткен 9 айлық нәрестені іздестіру жұмыстарына полицейлер қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен 9 айлық нәрестені іздестіру жұмыстарына 40 полиция қызметкері мен төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен 9 айлық нәрестені іздестіру жұмыстарына 40 полиция қызметкері мен төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданының ішкі істер басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға Алма-Арасан шатқалында шамамен кешкі сағат алтыларда болған. 9 айлық нәресте 15 жастағы әпкесінің қолында болған. Ол інісімен суретке түспек болып, өзенге жақындаған. Алайда қыз абайсызда құлап кетіп, нәрестені ұстап қала алмады.

"112 пультіне хабарлама түскеннен кейін құрамында 20 бөлімшелік полиция инспекторы бар жедел-іздестіру тобы оқиға орнына жіберілді. Сонымен қатар, 28 полиция қызметкері, ТЖД өкілдері мен 12 дана техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Өкінішке қарай, іздестіру жұмыстары әзірше нәтиже берген жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы, 2-бөлігі бойынша тіркелген іс бойынша куәгерлер анықталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, іздестіру-құтқару жұмыстары да жалғасып жатыр. Нәрестені іздестіруге 20 полиция қызметкері, төтенше жағдайлар бөлімшесінің 20 қызметкері мен 4 дана полиция техникасы жұмылдырылды", - деді полиция подполковнигі Бостандық ауданы ІІБ басшысы Берік Әбілбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети