17 тамыз 2017 | 15:17

Павлодар кафесінде жыныстық қатынасын видеоға түсірген қыз шетелге көшіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Полицейлер Павлодардағы кафенің әжетханасында порнороликке түскен қызды кешірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Павлодардағы кафенің әжетханасында порнороликке түскен қызды кешірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

28 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде тарап кетіп, шу шығарған порноролик үшін жазадан құтылған. Қыз шетелге көшіп кеткен. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-нің басшысы Марат Қожаев мәлімдеді. 

"Ол қыз Қазақстан аумағынан тыс жерде. Сонымен қатар, бұл оқиға дерек анықталғанға дейін узақ уақыт бұрын болғаны анықталды. Әкімшілік жазаның белгілі бір мерзімі бар. Осы жағдайда ол мерзім асып кетіп отыр", - дейді Қожаев. 

Дегенмен ол полицейлердің мұның алдында қыздың жазаланған деп неге жалған хабарлағанын түсіндіре алмады. 

Нақтыланбаған ақпарат бойынша, қазір қыз Ресейде. Алайда бұл ақпарат маңызды емес, өйткені бұл іс бойынша тергеу тоқтатылды. Мұның алдында аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жазаға тартылғаны туралы хабарлаған болатын. Оның үстіне видео жақында түсірілген және оның мерзімі маңызды еместігін айтқан. Іс материалдарын әкімшілік сотқа жолданатыны да айтылған. Дегенмен іс сотқа жолданған жоқ. 

Еске салайық, 2014 жылы Павлодардағы кафеде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, дау шыққан болатын. Осыдан кейін кафе басшылығы полицияға шағымданған. Видеода қыздың белгісіз ер адамға өзін ұсынып, әжетханаға шақырады. Әжетханада екеуі жыныстық қатынасқа түсіп, онысын видеоға түсірген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети