26 маусым 2017 14:27

Павлодар кафесінде порноролик түсіргендер оны Ғаламторға салып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Павлодардағы кафе әкімшілігі ғимарат дәретханасында ұятты ролик түсіргендерді анықтап, жазалауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. Олар полицияға арыз жазып та қойды. 


Павлодардағы кафе әкімшілігі ғимарат дәретханасында ұятты ролик түсіргендерді анықтап, жазалауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. Олар полицияға арыз жазып та қойды. 

Мұндай арызға осы кафеде түсірілген порноролик себеп болып отыр. Видеода ер адамға өзін ұсынып, екеуі дәретханаға барады. Одан кейін есікті іштен жауып, жыныстық қатынасқа түседі. 

Бұл видео үш жыл бұрын түсірілгені анықталды. Ролик авторларының оны қандай мақсатпен Ғаламторға жариялағаны түсініксіз. Бұл жағдайды анықтаумен қазір полицейлер айналысып жатыр. 

"Бұл видео біздің кафеде 2014 жылы түсіріліпті. Бірақ мұны жақында ғана білдік. Әрине олардың істегені әдепсіздік, айтуға сөз жетпейді, бізде мұндайға рұқсат жоқ. Дәретханаға камера қойылмайтындықтан мұның жолын кесе алмадық. Бұл қонақтар өздерін орынды ұстаған болатын, еш күдік тумады. Қазір біз полицияға арыздандық, оларды және роликті таратқандарды жазалау керек", - дейді кафенің қоғаммен байланыс директорының орынбасары Руслан Кузьков. 

Кафенің Instagram желісіндегі ресми парақшасында роликтегі адамдар Павлодардың және Қазақстанның өзге қалаларындағы кафелерде мұндай істі бірнеше рет істегені жазылған. 

Бұл роликтегілер мұның алдында Екібастұз әкімдігі алдында жыныстық қатынасқа түскені үшін айыппұл төлеген болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети