02 қазан 2019 11:57

Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

© ktk.kz

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"1 қазанда сағат 18:15-те Ленин-Курчатов автожолының 20 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 34 жастағы Lifan X50 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, 1994 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Lada 21715 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Лада" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 2003 жылғы жолаушысы және Lifan автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Ведомствода осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Автокөлік айып тұрағына жеткізілген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. \

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram