1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Павлодар облысында ер адам колониядан қашып кетті

Павлодар облысында ер адам қоныс колониясынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Павлодар облысы Шідерті ауылы АП - 162/10 мекемесінде болған.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бұл мәліметті растады. 

"Сотталушы жазасын қоныс колониясында өтеп жатты. Бұл қауіпсіздік деңгейі минимал мекеме және мұнда сотталушылар мекемеден тыс жерлерге бара алады. Олар жұмысқа барады, дүкенге темекі алуға барады. Бірақ сотталушы 3 қарашада таңғы уақытта колония аумағынан өз бетінше шығып кетті. Оның қай жақта екені әлі күнге дейін белгісіз", -деді Павлодар облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі жедел қызметтер жөніндегі департамент басшысының орынбасары Кондрат Шаканов.

Департаменттегілердің айтуынша, ер адам 2015 жылы сотталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") жазасын өтеп жатқан. Ал жазды оны қоныс колониясына ауыстырған. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр.