04 сәуір 2019 09:47

Павлодар облысында ер адам өзін өртеп жіберді: Бір адам қаза тауып, 13-і зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді, салдарынан өзі қаза тапты және 13 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz


Павлодар облысындағы Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді, салдарынан өзі қаза тапты және 13 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz

Зардап шеккендердің төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, тағы бес бала және төрт ересек адам иістен уланып, ауруханаға түскен. 

"3 сәуірде сағат 20.51-де Ақсу қаласында Момышұлы көшесінде жеке үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгерлер қаза тапқан ер адамның жарының туған күні болғанын айтты. Қонақтар үстелге енді отырғанда, 50 жастағы үй иесі сыртқа шығып кетіп, содан кейін бензин толы бес литр канистрамен қайтып келіп, балаларды алып кетуін сұраған. Жұбайы өтінішті орындағаннан кейін, ер адам сіріңке алып, өзін өртеп жіберген", - деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының өкілдері. 

Оны тоқтатпақшы болған достары да күйіп қалған, оларды да орталық ауруханаға жеткізген. 

Ер адам қайтыс болды, тағы 13 адам зардап шекті: төртеуі жансақтау бөлімінде, бес ересек адам мен төрт бала иіс тиіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрт аумағы - 30 шаршы метр. Үш бөлмелі үйде ас үй, жиһаз, тұрмыстық техника және үй заттары толығымен жанып кетті. Жартылай шатыры құлаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети