11 қараша 2019 14:59

Павлодар облысында жеке тұрғын үйде шыққан өрттен зейнеткер зардап шекті

Ер адам Павлодар облысындағы "Мелиоратор" саяжайында болған өрттен зардап шекті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары". Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 10 қарашада кешкі сағат сегізде болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам Павлодар облысындағы "Мелиоратор" саяжайында болған өрттен зардап шекті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары". Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 10 қарашада кешкі сағат сегізде болған.

"Мелиоратор" саяжайында Черемуховая көшесі, 129 мекенжайындағы қараусыз қалған аумақта шағын үй толғымен жанып кетті,Өрт сөндірушілер екі газ баллонын шығарды. 1961 жылы туылған ер адам бетінің, бас терісінің және сол қолдың 10 пайыздық 2-3 дәрежелі термиялық күйіктерімен бірінші қалалық аурухананың күйік бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Солнечный кентінің Энтузиастар саябағында 1-қатар көшесінде көрші екі үй өртенді. - 9 қараша күні сағат 18:44-те Тереңкөл ауылындағы Целинная көшесінде ВАЗ 2106 көлігі толықтай жанып кетті, - деді департаментте.

Өрттің алдын ала анықталған себебі - қасақана өртеу. Іс полицияға жолданды. Сондай-ақ департаменттің хабарлауынша, сол күні Ертіс ауылында Ысқақов көшесінің бойында ағаш қора өртеніп, жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыды. Апаттың себебі мен шығыны анықталып жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram