Павлодар облысында өртсөндіруші қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында өртсөндіруші қаза тапты

Павлодар облысында өртсөндіруші қызмет барысында қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында өртсөндіруші қызмет барысында қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 25 ақпанда сағат 7.46-да Павлодар облысы Ақсу шағынауданында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. От төрт бөлмелі үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 10.16-да оқшауланып, сағат 11.00-де толық жойылды.  

"Жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылғы Ақсу қаласы №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлап, Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР ТЖ министрлігі ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтты. Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарған. Павлодар қаласының тумасы, үйленген.

"Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі ерен. 1991-2021 жылдары аралығында қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қайтыс болды",- деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети