1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев қызмет барысында қаза тапқан ақсулық өртсөндірушіні марапаттады 06 мамыр 2021, 12:18

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы Ақсу қаласында қызмет барысында қаза тапқан өртсөндіруші Арыстанбек Машрапты ІІІ дәрежелі "Айбын"
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы Ақсу қаласында қызмет барысында қаза тапқан өртсөндіруші Арыстанбек Машрапты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік награда - ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орденді қайтыс болған Арыстанбек Машраптың әкесі Дулат Қабзолдинге тапсырды.

Айта кетейік, қайғылы жағдай 25 ақпанда Павлодар облысының Ақсу қаласында болған еді. Төрт бөлмелі тұрғын үй өртеніп, өрт жалпы ауданы 80 шаршы метрге жайылған. Қызмет барысында 1997 жылы туған Ақсу қаласының № 12 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлап, ес-түссіз күйінде Ақсу кентінің ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген. Көп ұзамай оның қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды.

Арыстанбек Машрап 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 1991-2021 жылдар аралығында қызметтік борышын орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging