31 наурыз 2017 14:47

Павлодар облысында теміржолды су шайып кеткені түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында теміржолды су шайып кеткені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында теміржолды су шайып кеткені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Магистральді желілер дирекциясы" департаментінің басшысы Аманғос Баймағамбетов видеода Павлодар облысындағы Дегелен-Май өткеліндегі жолдың түсірілгенін айтты. Баймағамбетовтың айтуынша, бұл видео 30 наурызда түсірілген болуы мүмкін.

ҚТЖ мәліметінше, осы аумақтағы қозғалыс 31 наурызда сағат 11.03-те ашылды.

Сондай-ақ, Желіде төтенше жағдайдың басқа да видеолары таралып жатыр. ҚТЖ-дағылар бұл теміржолдың ұлттық компанияға еш қатысы жоқ екенін айтып отыр.

"Бұл жеке бір адамға тиесілі аумақ, ҚТЖ-ның аумағы емес. Бұл көмір разрезі орналасқан Қаражырада. Осы аумақтағы екі жердегі жер төсемін толықтай су шайып кетті", - деді "Магистральді желілер дирекциясы" департаментінің басшысы Аманғос Баймағамбетов.

ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Асқаров Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы автожолдарда судың тасығаны жайлы айтты. Бірақ оның айтуынша, елді мекендерге су астында қалу төніп тұрған жоқ.

Бірақ Қарағанды облысындағы тұрғын үйлерді су басқаны жайлы мәліметтер анықталып отыр.

"Қарқаралы ауданындағы Жарлы ауылында тоғыз үй су астында қалды. Қалған аумақтардың да су астында қалу қаупі бар. Ол мәселе реттелді, су тұрғын үйлерге жеткен жоқ", - деді Жомарт Асқаров.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайдың ауылдың шет жағында болғанын айтты. Су деңгейі 20-25 сантиметрге дейін жеткен. Осыған байланысты 31 адам эвакуацияланған. Қазіргі уақытта олар сол ауылдағы туыстарының үйлеріне орналастырылды. 

Айта кетейік, Павлодар облысындағы Дегелен - Май өткеліндегі жолдарды шайып кеткен төтенше жағдайды жоюға 140 адам жұмылды. Оқиға 2017 жылдың 30 наурызында болған. Су шайып кеткен аумақтағы қозғалыс дер кезінде тоқтатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети