09 қазан 2015 | 13:36

Павлодарда ақша ұрлаған күзетшілерге екі миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда ақша ұрлаған "Күзет" қызметкерлері екі милион теңге айыппұл төлеулері мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда ақша ұрлаған "Күзет" қызметкерлері екі милион теңге айыппұл төлеулері мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай жаза Павлодардағы сауда үйінің бутиктерінен ақша ұрлаған "Күзеттің" екі қызметкеріне тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, "Ұрлық" бабының санкциясында мүлікті тәркілеу немесе онсыз, түзеу жұмыстарына немесе үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полициядағылардың хабарлауынша, екінші күдікті де ұсталды, ол "Күзет" фирмасының 32 жастағы қызметкері. Айта кетейік, бұған дейін полицейлер бутиктерден ақша ұрлады деген күдікпен 30 жастағы күзетшіні ұстаған болатын.

"Ұсталған азаматтар кінәларын толық мойындады. Олардың айтуынша, түнгі кезекшілікте олар бутиктерге кіріп, жарықты сөндіріп, ұсақ ақшаларды ұрлаған. Сонымен қатар, олар бұл әрекеттерін ешкім байқамайды деп ойлапты. Қазіргі таңда күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицияның мәліметінше, ұрлық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс таяуда сотқа жіберіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда күзетшілердің ақша ұрлаған сәтінің видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Күзетшілердің әрекеті бутиктегі жасырын камераға түсіп қалған. Камералар кассадан ақша жоғала бастағаннан кейін орнатылыпты. Видеодан ер адамдардың бірінің кассаға барғанын көруге болады. Осыдан кейін бутиктегі жарық сөндіріліп, біраздан кейін қайта жанады. Осы кезде "Күзет" фирмалық киімін киген қызметкер келіп, кассаға қарай жақындайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети