05 желтоқсан 2019 16:02

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші "қорғандым" деп ақталған

Видео кадры Видео кадры

Павлодар Әкімшілік соты жергілікті балабақшалардың бірінде бес жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар Әкімшілік соты жергілікті балабақшалардың бірінде бес жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тәрбиешінің үстінен баланың анасы Эльмира Тасыбаева шағым түсірген. Сот тәрбиешіні әкімшілік құқық бұзушылық жасадыдеп таныды. Ол бес тәулікке қамауға алынды. 

Ал тәрбиеші бұл әрекетін "тынышы қашқан баладан қорғандым" деп түсіндірген. Жәбірленушінің денесінің көгергенін және аяғы мен қолынан қан аққанын байқаған анасы ауруханаға апарған. Дәрігерлер баланың денесінен бірнеше гематома белгілерін байқаған. Баланың денесінде соққы іздері болғанын сот-медициналық сараптама да растады.

Сонымен қатар, тәрбиешінің балаға қол көтерген сәті балабақшадағы бейнебақылау камераларына да түсіп қалған. Баланың анасы шағым түсіргеннен кейін балабақшадағылар кешенді тексеріс жүргізген. Тәрбиеші ерсі қылығы үшін қызметінен босатылды. Жұмыстан кету туралы арызды балабақша директоры жазды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети