1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Павлодарда бар күзетшісі қонақты бір соққымен нокаутқа түсірді. Істі полиция тергеп жатыр

Видео кадры Видео кадры

Павлодардағы барлардың бірінде күзетші қонақтардың бірін ауыр соққымен нокаутқа жіберді. Оқиға ғимарат дәлізінде орналасқан бейнеқабылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео кадрларына қарағанда, бар қызметкерлері екі адамға залға кіруге жол бермеген. Қонақтардың бірі қолын ары-бері сермеген. Осы сәтте күзетші қонақтың қолын қайырмақ болады, алайда ол бірден әрекетіне төтеп беріп, жауап ретінде бетіне соққы жасаған. Сөйтіп қонақ жерге құлап, есін жоғалтып алған. Осы кезде тағы бір күзетші екінші қонақтың мойнынан ұстап, шетке алып кетеді. Осы жерден видео тоқтаған. 

Видео Желіде қызу талқыға түскен. Бірі күзетшінің әрекеті дұрыс десе, ендігі бірі оның әрекетіне таңғалған. Оқиға орнынан түсірілген видео полиция өкілдерінің қолына түскен. 

"Бұл дерек тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, полиция жәбірленушіден полицияға жазбаша өтініш өткізуді сұрайды", - деп мәлімдеді облыстық департаменттің баспасөз қызметі.