Павлодарда бойжеткенді өрттен құтқарған жігіт көзінен айырылды

16 Шілде 2015, 15:04
0
© pavlodarnews.kz
© pavlodarnews.kz

Павлодарда бойжеткенді өрттен құтқарған жігіт көзінен айырылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Еріктілер қауымы көзінен айырылған Кирилл Терешкоға ота жасауға қаржы жинап берді.

Павлодар қаласының 32 жастағы тұрғыны Кирилл Терешко өрт кезінде адам құтқарып, ерлік жасаған. Оқыс жағдай Павлодар қаласының жекеменшік секторында болыпты.

"Өрт кезінде терезе қирап, шынының сынығы көзіме кіріп кетті. Салдарынан оң көзім көрмей қалды", - дейді Терешко.

Сол себепті ол павлодарлықтардың көмегіне жүгінген, операцияның құны  - 100 мың рубль. Сонымен қатар, ем алу кезінде жүріп-тұруға қосымша қаржы қажет болған. Еріктілер Терешкоға банктік есеп пен Qiwi-әмиян ашуға қолғабыс жасады. Көмекке павлодардықтармен қатар өзге облыс тұрғындары да келді.

"Айтар алғысым шексіз. (...) Биыл 15 шілдеде Нұржан есімді азамат есебіме 500 мың теңге аударды. Ал Qiwi-әмияныма 70 мың теңгеден астам ақша түсті. Шыны керек, сенер сенбесімді білмеймін", - дейді ол.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай