25 ақпан 2016 16:35

Павлодарда ер адам балабақшадағы қызын полицияның түгелдей жеке құрамына іздетіп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Павлодарда ер адам Павлодар полиция гарнизонының түгелдей жеке құрамына Қатаев көшесінде үй ауласынан жоғалып кетті деп, іздетіп қойған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодарда ер адам Павлодар полиция гарнизонының түгелдей жеке құрамына Қатаев көшесінде үй ауласынан жоғалып кетті деп, іздетіп қойған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым тілшілеріне Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері полицейлердің таяудағы үйлерді, кәріз люктерін, үй кіреберістерін және шатырларын қарап шыққанын хабарлады. Кейін тәртіп сақшылары бүлдіршіннің әжесіне хабарласып, одан қыздың балабақшада екенін естіген. Осыдан кейін полицейлер балабақшаға барып, қызды өз көздерімен көрген.

Ал әкесінің мас болғаны анықталыпты. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабының ("Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру") 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам 30 АЕК, яғни 63 630 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети