Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда газ баллоны атылып, екі адам зардап шекті

05 Наурыз 2014, 11:39
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
Павлодарда тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны атылып, соның салдарынан екі адам зардап шекті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға Павлодар қаласындағы төртпәтерлі бірқабатты үйде болған. "04.03.2014 күні сағат 20.48-де №4 пәтерде газ баллонын пайдалану тәртібінің бұзылуынан ауа аралас газ қоспасы атылып, оның арты үйдің шатырының өртенуіне ұласты. Өрт 21.33-те ауыздықталып, 22.43-те залалсыздандырылды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт 15 шаршы метр ауданды шарпыған. Оқиға салдарынан 1936 жылы туған әйел адам мен 1966 жылғы ер адамның денесін түрлі дәрежеде күйік шалды, оның үстіне зардап шеккендер иістен уланып қалған. Қазір олар ауруханада.

Тілсіз жауды залалсыздандыруға 7 маман мен екі техника жұмылдырылды. Оқиға орнында Апат медицинасы орталығының қызметкерлері де көмек көрсетті.

Еске сала кетейік, 21 ақпан күні Павлодар облысындағы Майқайың елді мекенінде өмірден түңілген бір ер адам төртқабатты тұрғын үйдегі пәтерінде газ баллонын жарып жіберген еді. Пәтерде болған үш адам аман қалғанымен, денелері күйіп қалды. Жарылыстан осы үйдегі үш пәтердің қабырғалары қирап қалды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай