02 тамыз 2022 09:49

Павлодарда жаңбыр салдарынан жаңа спорт кешенін су басты

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavon.kz © pavon.kz

Павлодарда "Спорт-сити" жаңа спорт кешенінің ғимараты су астында қалды. Оқиға қалада нөсер жауған күні болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда "Спорт-сити" жаңа спорт кешенінің ғимараты су астында қалды. Оқиға қалада нөсер жауған күні болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-да пайда болды. Кадрлардан екінші қабаттың төбесінен бірінші қабатқа су ағып жатқанын көруге болады.

"Жауын суы жүйесінің су бұру құбыры қирады. Бұл жерге мердігер шақырылды. Апаттың салдары жойылады. Электр сымдарын кептіру үшін жаттығу процесін 8 тамызға дейін тоқтата туралы шешім қабылданды", - деді Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдері.

Спорт кешені құрылысшылар 2019 жылдың аяғында тапсырған футбол манежінен және кейінгі жылғы желтоқсанда ашылған мұзайдынынан тұрады. Екі нысанның қайсын су басқаны көрсетілмеген.

Видеоға пікір білдірушілердің көпшілігі құрылысқа, мердігерге қатысты жағымсыз пікірлер қалдырған.

"Болашаққа тағы бір серпіліс", "жаңбыр жауды - үйлер қалқып кетті", "спорт-елеуіш", "шенеуніктердің қалталары саңылауларға толы болса жақсы болар еді", - деп жазды қолданушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети