11 ақпан 2015 11:29

Павлодарда жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен төрт жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен төрт жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жыл басынан бері Павлодарда төрт жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті, олардың барлығы әкімшілік полиция басқармасының іздестіру бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында анықталып, ұсталды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл аймақта тіркелген жол апаттарының қатары азайып келеді. Мұнда жыл басынан бері 43 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тапқан, тағы 57 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Ал 2014 жылдың осы кезеңінде 60 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза болыпты, 79 адам дене жарақаттарын алған.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Павлодар көшелерінің бірінде жаяу жүргінші жолымен бесік арбасымен жүріп бара жатқан әйелді қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Кейін оның 42 жастағы әйел екені анықталды. Жол-көлік оқиғасынан жарақат алған 29 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды, ал 2014 жылы туылған сәби дін аман, оны дәрігерлер қарап шығып, үйіне жіберді. Бірақ жол апатын жасаған әйелге жапа шеккен адамның отбасы кешірім берді



 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети