07 қараша 2019 15:38

Павлодарда жолаушылар автобусы түтіндеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қоғамдық көлік түтіндеді. Оқиға Қамзин көшесі, 165 мекенжайы бойынша Диспетчерская автобус аялдамасының жанында болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"


Павлодарда қоғамдық көлік түтіндеді. Оқиға Қамзин көшесі, 165 мекенжайы бойынша Диспетчерская автобус аялдамасының жанында болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

"№ 2 бағыттағы қалалық жолаушылар көлігінің мотор бөлігінде 0,5 қума метр электр сымдары тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші жалынды ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіріп үлгерген. Ішінде болған ересек 7 адам өздігінен сыртқа шыққан", - дейді департамент өкілдері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Автобустың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнында № 3 өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен екі автоцистерна жұмыс істеді.

Сондай-ақ, "Мелиоратор" бағбаншылығында Цветочная көшесі, 28 мекенжайы бойынша орналасқан кірпіштен қаланған саяжайдың 30 шаршы метр аумағында ағаш құрылымдар толығымен жанып кеткен. Тілсіз жау қасындағы Цветочная көшесіндегі 30-шы үйдің 10 шаршы метрін шарпып өткен. Саяжай иелері анықталуда.

Сағат 00.25-те Екібастұз қаласында Қонаев көшесінде жеке кәсіпкерлік базасында профлистпен қапталған 20 шаршы метр аумақта ағаш вагон жанып кетті. Өрттің шығуына пешті қолдану ережелерін сақтамау себеп болған. Өрт сағат 01.02-де № 2 өрт сөндіру бөлімінен бес адам және бір автоцистернаның көмегімен сөндірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети