Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.65
EUR / KZT - 397.66
CNY / KZT - 50.73
RUB / KZT - 5.74

Павлодарда жолаушылары бар трамвай өртенді

14 Қаңтар, 13:40
0
Видеодан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот

Павлодарда жолаушылары бар трамвай өртенді, - деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Трамвай басқармасы" АҚ баспасөз хатшысы Тимофей Голевтің айтуынша, оқыс жағдай таңертең Кутузов пен Толстой көшелерінің қиылысында сағат 08:12 шамасында болған.

"Бүгін Депо бағытына қарай жүрген №11 вагон істен шығып, отқа оранған. Трамвайда төтенше жағдай кезінде жолаушылар болған. Саны белгісіз. Олар дер кезінде вагонды босатты. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 9:20 кезінде қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Ал, қызыл жалынның астында қалған вагонды Трамвай басқармасына тіркеп алып кетті. Сараптама тағайындалды, жуық арада өрттің себебі анықталатын болады. Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Бұл бірақ, болжам ғана", - деді Голев.

Ал Павлодар облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, өрттің аумағы - 30 шаршы метр. Оқиға орнында 16 өрт сөндіруші жұмыс істеп, үш техника жұмылдырылды. 


© youtube/UmiHelp


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай