04 тамыз 2014 19:12

Павлодарда жылу электр орталығында апат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар 3-жылу электр орталығы. ©pavlodarenergo.kz Павлодар 3-жылу электр орталығы. ©pavlodarenergo.kz

Павлодарда жылу электр орталығында апат болып, қаланың көп бөлігі жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін сағат 17.00-де болды. Апат салдарынан Павлодар жылу электр орталығының жұмысы тоқтатылды. 


Павлодарда жылу электр орталығында апат болып, қаланың көп бөлігі жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін сағат 17.00-де болды. Апат салдарынан Павлодар жылу электр орталығының жұмысы тоқтатылды. 

Жылу электр орталығындағы апат кезінде станцияның 1989 жылы туған жұмысшысы зардап шеккен. Оның денесінің біраз бөлігі күйін қалды. "№2 қазандықтың негізгі бу өткізу құбыры атылды. Зақымдануды тоқтату үшін барлық қазандық пен турбина сөндіріліп, артық қысым атмосфераға шығарылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр", - деп түсінік берді "Павлодарэнерго" ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Шөмшеков. 

Оқиға болған станция - қаланы электрмен қамтамасыз ететін негізгі қуат орталығы. "Қазір тұтынушыларды қосымша қуат көздеріне қосу мәселесі шешіліп жатыр", - деді Шөмшеков. Еске сала кетейік, Павлодардағы жылу электр орталығында былтыр қазан айында да апат болған еді. Ол кезде 2-жылу электр орталығы өртенген болатын. Кейін оқиғаға қызметкерлердің қателігі себеп болғаны айтылды. Тілсіз жауды өртке қарсы қызметтің бес тобы сөндірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети