Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Павлодарда қайық пен теплоход түйісіп қалды

15 Шілде 2014, 19:53
0
Судан құтқару қызметі. ©Руслан Шақабаев
Судан құтқару қызметі. ©Руслан Шақабаев

Павлодарда қайық пен теплоход түйісіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, Ертісте моторлы жеке қайық "Екібастұз" серуен теплоходымен соқтыққан. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі төтенше оқиғаның Павлодар қалалық жағажайы ауданында болғанын хабарлады. Моторлы қайықта екі адам болған. Оның бірі - жолаушы, бірі - жүргізуші. Қатты соққыдан қайық суға батып кетті.

"Қайықтағы жолаушы құтқарылды. Ер адам су көлігінде жүргізушімен бірге отырғанын айтты", - дейді судан құтқару қызметінің мамандары. Қазір жүргізуші іздестіріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, оқиға кезінде теплоходтағы жолаушылар мен команда зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Ертістің Омбы түбіндегі тұсында теплоход пен баржа соқтығысқан еді. Оқыс оқиғадан алты адам қайтыс болды, олардың арасында Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғыны Эмма Постникова болды. Ол ауруханада жан тапсырды. Кейін төтенше оқиға кезінде теплоход капитанының ағзасында бір промилле алкоголь болғаны анықталды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай