Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды

28 Сәуір 2015, 16:18
0
© rings.2bb.ru
© rings.2bb.ru

Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, нәрестенің денесі Қатаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылған. Қазіргі таңда оқиға орнында шұғыл топ пен криминалистер және кинологтар жұмыс істеп, нәресте денесінің қалай табылғанын полиция анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін сәбидің денесі 25 ақпанда кешкі уақытта Қарағанды облысының 30-ықшамауданындағы "Аян" сауда үйінің маңында қоқыс контейнерінен табылды. Баланың денесі бірнеше рет пышақталған. Жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен оның анасы - Алматы облысының 1991 жылғы тұрғыны Назгүл Байбосыноваға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Оның азаматтық некедегі жолдасы қайғылы оқиға болған кезде үйде болмаған, ал қайтып келгенде әйелін де, баланы да таппай қалған.

Кейін сәбиді оның ағасының өлтіргені анықталды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол 25 ақпанда 4 айлық қыз баламен пәтерде қалған. Қыздың анасы азық-түлік дүкеніне кетіпті. Баланың үнемі жылағаны оның ашуына тиген. Бесікке жақындап барған ол нәрестенің бірнеше жеріне пышақ салған. Үйіне қайтып оралған шешесі, бесіктегі өлген сәбиін көріп, шыңғыра бастаған. Ер адам оны да пышақтап, денесін сөмкеге салып, балконнан аулаға лақтырған. Ол төменге түсіп, сөмкені адам көрмейтін жерге апарып, мәйітті көмген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай