27 мамыр 2015 | 18:17

Павлодарда мәйітханада оянған зейнеткер туралы ақпарат жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavlodarnews.kz © pavlodarnews.kz

Павлодар облыстық тубдиспансері мәйітханада үш күн жатып "тірілген" 68 жастағы зейнеткер жайлы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облыстық тубдиспансері мәйітханада үш күн жатып "тірілген" 68 жастағы зейнеткер жайлы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мәйітханада үш күн жатып "тірілген" зейнеткер жайлы ақпараттың емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі облыстық тубдиспансер бас дәрігерінің орынбасары Ризвангүл Смағұлова шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Адам баласы үш күн бойы мәйітханада жатқаннан кейін оянуы мүмкін емес. Евгений Гречко осыған дейін Успен ауданында амбулаторлық ем қабылдаған болатын және бүгін де қабылдауға келеді. Туберкулезбен ауыратын зейнеткерге алқа отырысында диагноз қойылған. Оның туған-туыстары мен қызы Евгений Гречконың науқас екеніне сенгісі келмейді", - дейді Смағұлова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда жүрек талмасына ұшыраған зейнеткердің мәйітханада оянғаны хабарланған болатын. "Әкем жалаңаш күйінде суық жерде, мәйіттердің арасында оянғанын айтты. Ол айқайлауға оқталғанда екі санитар кіріп келген. Отырған әкемді көрген олар шыңғырып қашып кеткен. Кейін мейірбикелер келіп, әкеме халат кигізіп, жан сақтау бөліміне әкеткен", - деді науқастың қызы Ирина Гречко. Әйелдің айтуынша, әкесі оған болған жағдайды үш күн өткеннен кейін ғана айтқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети