13 маусым 2018 17:26

Павлодарда моншада шыққан өрттен әйел мен екі баласы қаза болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамиль Алиевтің отбасы. Рамиль Алиевтің отбасы.

Павлодарда өрт кезінде әйелі мен кішкентай балаларынан айырылған ер адам жерлеу рәсіміне көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда өрт кезінде әйелі мен кішкентай балаларынан айырылған ер адам жерлеу рәсіміне көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның айтуынша, ол өрт болған кезде жұмыста, ал әйелі балаларымен бірге ата-анасының үйінде болған. Өрт жазғы ас үй бөлмесінен шыққан. Ал әйелі мен балалары сол сәтте ас үйдің маңында салынған моншада болған.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 12 маусымда түске қарай болған. Өрт сағат 13.25-те сөндірілген. Жалпы аумағы 20 шаршы метрді қамтыған. Өрт болған жерде үш адамның денесі табылған - әйел мен оның 2011 және 2014 жылғы балалары.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

"Жұлдыз өрт кезінде балалармен моншада жуынып жатқан. Балалар жалаңаш болды. Жүгіріп шыға алмаған. Моншаның терезесі жоқ, есік жабылып қалған. Оларға үш есіктен өту керек болды - моншаның, жазғы ас үй бөлмесінің және шешініп киінетін жердің есігінен. Жазғы ас үй бөлмесіне шығу мүмкін болмаған. Себебі өрт бүкіл жерді шарпыған. Жұлдыздың беті, қолы күйіп кеткен, балалары мен өзінің өмірін сақтап қалу бар күшімен есіктерді ұрған", - дейді қаза болған әйелдің туыстары.

Қазіргі уақытта олар жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр

"Күйеуі жергілікті зауыттардың бірінде жұмыс істейді. Қаза болған әйелдің ата-анасы егде жастағы адамдар. Қаза болғандарды жерлеу үшін кем дегенде жарты миллион ақша керек. Сондықтан біз көмек сұрап жатырмыз", - дейді еріктілер. 

Жұлдыз Темірбаеваның таныстары мен құрбылары оның мейірімді адам болғанын айтады. Медициналық университетті аяқтаған соң ол Павлодар облысы Ертіс ауылына жұмысқа келген. Күйеуімен сонда танысқан. Қызы мен ұлы болған. Кейіннен олар Павлодарға көшіп кеткен.

Ақша жіберуге қажетті  реквизиттер Instagram желісінде Павлодардың еріктілер клубының парақшасында жарияланған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети