06 қараша 2017 | 14:15

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты іс сотқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты іс сотқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 жастағы әйелге қатысты қозғалған іс Павлодардың №2 қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.

Соттың мәліметінше, іс өндіріске алынды. Қазіргі уақытта басты сот отырысын белгілеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Сот трамвай жүргізушісін айыпты деп таныса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, айыпталушының кішкентай сәбиі бар.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети