Әлеуметтік желілерде 21 маусымда өлтірілген жергілікті полицейдің суреттері жария болды. Суреттердің бірі "Типичный Павлодар" тобында жарияланды. Суретте үй аулаларының бірінде бірнеше полицей мен адамның тұрғанын көруге болады.

© vk.com/tipichny_pavlodar
Тағы бір суретті Бектас Даутеков есімді қолданушы жүктеді. Онда, болжам бойынша, өлтірілген сол полицей бар. Алайда қолданушы суретке жауапкершілік алмайтынын атап өтті. "Білмеймін... жігіттер WhatsApp арқылы жіберді", - деп жазды ол. 
© vk.com
Қолданушылар болған оқиғаның мән-жайын жазып жатыр. Олар қаза тапқан тәртіп сақшысының есімі Арли екенін, ал оны өлтірген адамды (болжам бойынша екі адам) қаладан шығу жолдарын қоршауға алып, "Жедел ұстау" шарасын жариялаған құқыққорғаушылардың ұстағанын жазу үстінде.
Алайда құқық қорғау органдары бұл іске қатысты түсінікті кейін береді.
Еске салайық, Павлодарда белгісіз біреулер полиция қызметкерін өлтіріп кеткен болатын. Шамамен 30 жастағы ер адамның денесі Павлодар ІІБ №15 полиция пунктінен табылды. Куәгерлердің айтуынша, полицей формасын киген ер адам мойынын ұстап, учаскелік пункттен атып шыққан. Ол "Көмектесіңіздер!" деп айқайлап, кейін жерге құлады.