1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Павлодарда өртенген көлік видеоға түсірілді 17 қазан 2021, 18:36

Белгісіз біреу Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінің жанында тұрған Mercedes көлігін өртеген. Өрт салдарынан қасындағы көлікке де зиян келген,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Instagram @tipavlo Instagram @tipavlo

Белгісіз біреу Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінің жанында тұрған Mercedes көлігін өртеген. Өрт салдарынан қасындағы көлікке де зиян келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өртеп жатқан сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Instagram желісіне жарияланған видеода күрте киген ер адам машинаға өрт қойғаны көрінеді. Содан кейін ол қашып кетеді, ал өрт одан сайын өрши түскен. Басқа видеода адамдардың қасындағы көлікті қолмен тартып жатқаны көрінеді.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

"17 қазанда сағат 02.14-те Назарбаев даңғылы, 204 үйдің жанындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Ашық аумақта 2001 жылы шыққан 14 өңірдің Mercedes-Benz 320 E автокөлігінің жалпы ауданы 3 шаршы метр болатын мотор бөлігі мен салоны толық жанып кетті", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Ауданы 20 шаршы метр бензин құйылғаны белгілі болды.

"1993 жылы шығарылған Toyota Carina E автокөлігі температура әсерінен зардап шеккен. Өрт 02.26-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады өңірлік ТЖД.

Келтірілген залал анықталып жатыр. Баспасөз қызметі өрт сөндіру материалдары полицияға берілгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram