06 сәуір 2021 14:02

Павлодарда полиция қызметкерінің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Казанғапов Фото: Тұрар Казанғапов

Павлодарда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен өзіне-өзі қол жұмсаған полиция қызметкерінің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен өзіне-өзі қол жұмсаған полиция қызметкерінің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 5 сәуірде Павлодар облысы ПД қызметкерінің өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша шақырту түскен.

"Факт тіркеліп, ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр. Бұдан бөлек қызметтік тергеу жүргізіледі", - деді Павлодар облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров брифингте.

Полицияда тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Расталмаған мәліметке сүйенсек, марқұм 37 жастағы подполковник болған.

Айта кетейік, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу "Жәбірленушінің адамдық қадір-қасиетін қорқыту, қатыгездік немесе жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бабы бойынша жүргізіледі. Баптың санкциялары үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети