07 шілде 2023 16:06

Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 7 шілдеде түс ауа 14:00 шамасында болған. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" пультіне сауда үйінде шатырдың опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері барғаны айтылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, сауда үйінің бүйіріндегі шатыры опырылып, дәмхананың жазғы алаңы үстіне түскен. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болған.

Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 1975 жылы туған бір ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Оған екі аяғының сынуы деген диагноз қойылған. Жұмыс жалғасып жатыр. Тағы бір ер адам құтқарушылар келгенше жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда нөсер, бұршақ жауған болатын. Қаланың бірнеше көшесін су басқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети