28 қыркүйек 2021 15:12

Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда спорт мектебінің залдарының бірінде жаттығу кезінде төбе опырылды. Ғимаратта жаттықтырушы мен оқушылар болды, олар шығып үлгерді. Құлау себептері зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда спорт мектебінің залдарының бірінде жаттығу кезінде төбе опырылды. Ғимаратта жаттықтырушы мен оқушылар болды, олар шығып үлгерді. Құлау себептері зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер оқиға салдарын видеоға түсіріп, Instagram-да жариялаған. Оқиға 28 қыркүйекте сағат 10.05-те балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бір қабатты ғимаратында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Pavlodar (@pavlodar.times)

"Бокс залындағы жаттығу процесі кезінде бір дыбысты естідік және бөлмеде болғандардың бәрін эвакуацияладық. Ғимараттың ортасында екі плита құлады. Залда 13 бала мен бокс жаттықтырушысы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - деді өңірлік туризмді және спортты дамыту басқармасының басшысы Нұрлан Есімбаев.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.

Ресми мәлімет бойынша, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты 1984 жылы облыстық спорт басқармасының балансына берілген, бұрын ол қойма ретінде пайдаланылған. 6 мен 18 жас аралығындағы жүзден аса бала айналысатын спорт мектебіндегі кейінгі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети