27 қазан 2021 09:15

Павлодарда тұрғын үй ауласында шуламау туралы өтініш төбелеске ұласты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр "Шок Типичного Павлодара" телеграм-арнасынан Кадр "Шок Типичного Павлодара" телеграм-арнасынан

Павлодарда түнде тұрғын үй ауласында төбелес шығарғандар пышақ жарақатын алып ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда түнде тұрғын үй ауласында төбелес шығарғандар пышақ жарақатын алып ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелес Павлова көшесіндегі тұрғын үй ауласы маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар "Шок Типичного Павлодара" телеграм-арнасында жарияланған. Видеодан бірнеше ер адам сөзге келіспей арты төбелеске ұласқанын көруге болады. Осы кезде полиция қызметкерлері келіп оларды ажыратады.

Видео сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, түн ортасында гитара ойнап, аулаға қоқыс тастаған жастарға үй тұрғыны ескерту жасағаннан кейін басталған.

Бұл ақпаратты Павлодар облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады.

"Олар тұрғындардың тыныштығын бұзып, ішімдік ішкен. Үй тұрғындарының бірі оларға ескерту жасаған. Сол кезде арада жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Екі адам пышақталған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Түрлі жарақат алған екі жәбірленуші де ауруханаға жеткізілді. Төбелеске қатысушылардың бірі 34 жастағы тұрғын екені анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ер адамға шұғыл түрде ота жасалған.

Дерекке қатысты "Екі адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Онда 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети