06 наурыз 2019 17:19

Павлодарда тұрғын үйде жарылыс болды: Ер адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда тұрғын үйде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовқа сілтеме жасап.


Павлодарда тұрғын үйде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовқа сілтеме жасап.

ІІМ ТЖК мәліметінше, Мүткенов көшесіндегі бес қабатты үйде өрт шыққаны жайлы хабар 6 наурызда сағат 14.40-та түскен.

"Бірінші қабатта орналасқан асүйде белгісіз зат жарылып, артынша тұрыстық техника өртенген. Өрттің аумағы - 8 шаршы метр. Жарылыс орнында 1983 жылғы ер адамның денесі табылды, сондай-ақ, 1986 жылғы ер адам күйік алып, ауруханаға жеткізілген", - деп хабарлады Нұрахметов.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің мәліметінше, өрт сағат 15.11-де сөндірілді. 60 адам эвакуацияланды, олардың 15-і - балалар. Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 20 адам және Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бес дана техникасы жұмылды.

Оқиға орнында ТЖД және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ведомство мәліметінше, оқиға орнында газ плитасы мен газ баллоны болмаған.


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети