Педагогтар Алматыда мектеп алдында көлік қағып мерт болған оқушы қыз туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педагогтар Алматыда мектеп алдында көлік қағып мерт болған оқушы қыз туралы айтып берді Айнар Дәулеткелді

Педагогтар Алматыда № 185 мектеп алдында көлік қағып мерт болған бірінші сынып оқушысы Айнар Дәулеткелді туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педагогтар Алматыда № 185 мектеп алдында көлік қағып мерт болған бірінші сынып оқушысы Айнар Дәулеткелді туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептің оқу ісі бойынша жетекшісі Назгүл Бидайбекқызының сөзінше, қайғылы оқиға сабақтар аяқталғаннан кейін бірнеше сағат өте болған. "Ол түске дейін оқитын, 12:15-те қыз мектептен шығып кеткен. Ал кешкісін ол анасымен дүкенге барған. Бұл отбасында жасы кішірек тағы бір ұл бала бар. Ата-аналары ажырасқан, балалар анасымен тұрған. Анасы бұрын жекеменшік дүкенде жұмыс істеген, қазір жұмыс істемейді. Сол күні кешке анасы мен қызы жол жиегімен келе жатқан", - дейді педагог.

Назгүл Бидайбекқызы оқушының үлгерімі өте жақсы болғанын айтады. "Өте жақсы оқитын. Байыпты, сондай сүйкімді қыз еді. Сыныпта бәрі жақсы көретін. Алматы облысы Талғар ауданындағы Еңбекші ауылына жерлейді. Анасы сол жерден", - деп аяқтады ол. 

Мұның алдында 2017 жылдың 22 ақпанында кешкі 19:03-те Тәуелсіздік көшесіндегі №185 орта мектептің алдында анықталмаған маркалы көліктің (Mazda 626 болуы мүмкін) сегіз жастағы оқушы қызды қағып кеткені хабарланған еді. Қыз бала алған жарақаттардан қаза тауып, ал жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған.

"Қыздың қасында анасы болған. Әйел адам көлік маркасы мен нөмірін жаттап үлгермеген. Оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды. Бөлімше қызметкерлері жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. ЖКО-ға куә болғандар табылып жатса, олардың куәлігі маңызды екенін айтқым келеді", - дейді Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ерік Насырбеков.

Бұл оқиғаға куә болғандарды мына телефондар арқылы ақпарат беруін сұрайды:  8-707-222-88-87 және 8-707-599-09-11.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети