28 қазан 2021 | 11:11

Пенжімдегі төбелесте зардап шеккен баланың жағдайы айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскен.

"Ашық бассүйек-ми жарақатына байланысты науқастың жалпы жағдайы ауыр. Диагнозы - бассүйек-мидың ауыр ашық жарақаты, оң жағы көгерген. 2-3-дәрежелі травматикалық шок алған. Есін біледі", - деп хабарланды.

Ведомство 27 қазанда сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім ауылында мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысушылардың бірінің үйі маңына 30-ға жуық адам жиналғаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

"Бір топ адам бірқатар жекеменшік үй терезелерін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырған. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 2-бөлімі ("Бір топ адамдар жасаған бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ресми мәлімет бойынша, бұған дейін Алматы облысы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети