02 наурыз 2021 18:08

Петропавл жатақханасындағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл жатақханасындағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавл жатақханасындағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Петропавл жатақханасындағы өрттің үшінші құрбаны туралы хабарлады. 21 жастағы қыз қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін реанимацияда бір аптадан аса уақыт күрескен. Ол ауруханаға ауыр халде түсті.

"Қыз кеше кешке қайтыс болды. Денесінің 65 пайызын күйік шалған болатын. Қазір реанимацияда ТЖ кезінде зардап шеккендерден ешкім жоқ. Екеуі облыстық ауруханада, үшеуі көпбейінді қалалық ауруханада. Барлығы бес пациент медициналық мекемелерде ем алып жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Еске салайық, ақпанның соңында Петропавлдағы бұрынғы жатақхана ғимаратында өрт шыққан еді. ТЖД алдын-ала тексеру нұсқасы бойынша, бірінші қабаттағы кафеде газ баллоны жарылған. Екі адам қаза болды, үшеуі реанимацияда жатқан. Зардап шеккендердің арасында он жасар бала да бар.

Тұрғын үйден 120 адам эвакуацияланды. Петропавл әкімдігі жергілікті мәдениет үйінде әлеуметтік көмек жиналысын жариялады. Жарылыс дерегі бойынша ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети