13 ақпан 2017 19:03

Петропавлда алты жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетіп, аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Петропавлда алты жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетіп, аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол үй маңында тазаланбағын қардың үстіне түсіп, аман қалған.


Петропавлда алты жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетіп, аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол үй маңында тазаланбағын қардың үстіне түсіп, аман қалған.

Куәгерлердің айтуынша, бала сыртқа шыққысы келген, пәтердің есігі құлтаулы болғандықтан ол терезеден шығуды ойлаған. Соған қарағанда ол бесінші қабатта тұратынын ұмытып кеткен. Ол облыстық балалар ауруханаға жеткізілген. 

"Ауруханаға түскен сәтте ол кеуде тұсындағы омыртқасының ауырып тұрғанын айтты. Тексеру шараларының бірнеше түсрі жүргізілді. 7-ші және 8-ші арқа омыртқаларының сынғаны анықталды. Сонымен қатар ол оң бүйрегін зақымдағаны белгілі болды. Емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьялов. 


Бала құлаған жер. © tengrinews.kz

Тазаланбаған қардың арқасында бала ауыр емес жарақат алды. Жақын арада бала мекетпке бара алады. 

"Омыртқасы қозғалған, бірақ сынған жері жоқ. Әдетте қандай да бір ауыртпалық болмайды. Әрине баланың аман қалғаны көңіл қуантады, бізде бесінші қабаттан құлап басқа да жағдайға душар болғандар да болған", - дейді дәрігер. 

Қазіргі уақытта бала ауруханадан шыққан. Дәрігерлер оған жарты жыл ішінде физикалық жүктеме жасауға болмайтынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети