11 мамыр 2019 13:49

Петропавлда аялдамада автобус өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Петропавл қаласында қоғамдық көлік аялдамада өртенді. Автобус салонында 12 адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Петропавл қаласында қоғамдық көлік аялдамада өртенді. Автобус салонында 12 адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"11 мамырда сағат 10.29-да Петропавлда Интернациональная көшесіндегі автобус аялдамасында Shaolin маркалы автобус өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері сағат 10.42-де өртті толығымен сөндірді . 12 жолаушы өздігінен эвакуацияланды", - деді ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.


Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Алдын ала болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан шыққан. 

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамының алты адамы және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.


Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети