21 қыркүйек 2023 | 09:57

Петропавлда ер адам өз қызын терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Петропавлда ер адам өз қызын терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Петропавлда ер адам өз қызын терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл полиция басқармасыеа Маяковский 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабар жеткен.

Полицейлер оқиға орнына барып, бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады.

Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, төтенше жағдайлар департаментінің, медицина қызметкерлері келді. ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке кірді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.

2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.

Ұсталған азамат Солтүстік Қазақстан облысының 23 жастағы тұрғыны, ол ішіп алған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал болған. Ер адам ортақ кішкентай нәрестесін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети