22 наурыз 2018 12:05

Петропавлда жатақханадан өрт шықты: 150 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СҚО ТЖД © СҚО ТЖД

Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды және 5 адам құтқарылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды және 5 адам құтқарылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабар СҚО ТЖД жедел басқармасына 20 наурызда түнде түскен. Өртті сөндіруге 3 техника мен 8 адам жөнелтілді. 

Тексеру барысында жатақхананың бесінші қабатындағы бөлменің жанып жатқаны және 4-5 қабаттардың қалың түтінге оранғаны анықталды, газ баллонының жарылу қаупі болды.

Мамандар барлық күшті адамдарды құтқаруға салды және газ баллонының жарылып кетпеуін қамтамасыз етуге тырысты. Құтқарушылар автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы адамдарды құтқарды. Жатақхананың өзге қабатында болған адамдар сатылар арқылы сыртқа шығарылды.

"Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден үш адамды тапты, олардың бірі 2014 жылы туған бала, олар қою түтіннің кесірінен бөлмеден сыртқа шыға алмаған. Барлық шараны қолға алған мамандар оларды таза ауаға алып шықты. Одан кейін де іздеу жұмыстары жүріп, тағы екі ересек адам табылды, олар да сыртқа шығарылды", - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары аяқталған соң өрт сөндірушілер бөлменің есігін сындырып кіріп, жанып жатқан газ баллонын сөндірді.

Сағат 22.46-да өрт ауыздықталып, 23.10-да толықтай сөндірілді. "5 адам құтқарылды, олардың бірі бала, 150 адам эвакуацияланды (олардың 25-і бала), газ баллонының жарылып кетуіне жол берілмеді", - деді ТЖД қызметкерлері.

Өрттің салдарынан жиһаздар, жеке заттар, киімдер бүлінді, өрттің жалпы аумағы - 17 шаршы метр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети