30 мамыр 2020 10:00

Петропавлда Тoyota жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

28 мамырда Петропавлда 2010 жылы туған мектеп оқушысын "Тoyota Avensis" көлігінің жүргізушісі Букетов көшесінде қағып кетті, - деп хабарлайды polisia.kz.


28 мамырда Петропавлда 2010 жылы туған мектеп оқушысын "Тoyota Avensis" көлігінің жүргізушісі Букетов көшесінде қағып кетті, - деп хабарлайды polisia.kz.

Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды.

"Балалар демалыста көп уақыттарын далада өткізеді. Ересектер олардың жолдағы жүріс тұрыстарына бақылауды екі есе күшейтулері керек, олармен үнемі профилактикалық әңгімелер жүргізулері қажет. Велосипедпен жаяу жүргіншілер жолағынан өту тәртібі, жол жүру ережелерін ұқыпты және қатаң сақтау туралы үнемі ескертулерге қарамастан, көбінесе жол қозғалысына қатысушылар, оның ішінде мектеп жасындағылар жолдағы тәртіпті сақтамай жатады. Бұл жолда жарақат алу фактілерін туғызады", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Полицейлер жаяу жүргіншілер жиі қолданатын құлаққаптар да жолда қауіп төндіретінін еске салады. Бағдаршаммен немесе реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жүретін велосипедшілер, оның ішінде ересектер де алаңдаушылық тудырады. Велосипедші кенеттен шығып қалса, жылдамдық режиміне байланысты жүргізуші көлігін тежеп үлгермей қалу мүмкіндігін есте ұстаған жөн.

"Тек жол қозғалысы ережелері мен қырағылықты сақтау жолдағы қауіпсіздік кепілі бола алады", - дейді полицей.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети