Пойыз астына түскен шымкенттік екі аяғынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пойыз астына түскен шымкенттік екі аяғынан айырылды © bankoboev.ru

Пойыз астына түсіп қалған шымкенттік екі аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының жедел жәрдем медициналық ауруханасының қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Сәбит Байбосыновқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пойыз астына түсіп қалған шымкенттік екі аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының жедел жәрдем медициналық ауруханасының қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Сәбит Байбосыновқа сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, бүгін, 15 маусымда, ауруханаға шамамен 38 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. "Ер адамның екі аяғы кесілді, жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Байбосынов. Төтенше жағдай "Шымкент" станциясына жақын жерде "Зеленая балка" ауданында болған. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Еске салайық, биыл Қарағандыда қаңтар айында кәмелетке толмаған екі бала циркке бара жатып, пойыз астына түсіп қалған болатын. Пойыз "Жаңа-Қарағанды - Қарағанды - Сортировочная станцияларында 1998 және 2011 жылы дүниеге келген балаларды басып кеткен. Оқиғаның салдарынан 1998 жылғы қыз жарақат алып, қайтыс болады. Ал қыздың қасында болған бала Қарағанды қалалық аурухананың жансақтау бөліміне рельстік жарақатпен жеткізіліп, сол жақ жіліншігі кесіліп, І-ІІ дәрежелі жарақат алған", - деді көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети