Полицейлер Ақтөбедегі ескерткішті қорлаған адамды тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Ақтөбедегі ескерткішті қорлаған адамды тапты YouTube видеоролигінен алынған кадр

Полиция Ақтөбенің орталығында жазушының ескерткішін қорлап суретке түскен адамның кім екенін анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстың ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Ол 2015 жылы 10 сәуірде табылды. Полицияның мәліметінше, ол Ақтөбенің 24 жастағы тұрғыны.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Ақтөбенің орталығында жазушының ескерткішін қорлап суретке түскен адамның кім екенін анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстың ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Ол 2015 жылы 10 сәуірде табылды. Полицияның мәліметінше, ол Ақтөбенің 24 жастағы тұрғыны.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ескерткіштің мәртебесін анықтау үшін сол күні қалалық мәдениет басқармасына сауал жолдады. Айта кетейік, ер адамға қолданылатын шараның қандай болатыны осыған байланысты. Мәдениет басқармасының өкілдері жауапты 10 күннің ішінде беруге уәде етті.

Бұған дейін Ақтөбе қаласының тұрғыны Динара Бүкенбаеваның ер адамды жауапкершілікке тарту туралы полицияға арыз түсіргені анықталған болатын. Қаланың көптеген тұрғыны үшін қорлау болып саналатын, үстінде жас жігіт отырған бұл сурет әлеуметтік желіде пайда болды. "Бұл менің наразылығымды тудырды. Ол ескерткішке мініп қана қоймай, суретке түскен. Менің білуімше, бұл әрекет заңға қайшы. Бүгін осылай ескерткіштің үстіне шығып алса, ертең ескерткішке не істейтінін ешкім білмейді. Келесіде Мәңгілік алауды бүлдіреді, батырлардың ескерткіштеріне де мінеді. Мен суреттегі жігіттің ісіне шара қолданылуын сұрап "Электрондық үкімет" порталы арқылы арыз бердім", - деді Бүкенбаева. Айта кетейік, ескерткіш 2006 жылы тілшілердің еңбегін бағалау мақсатында газет редакциясына қарама-қарсы жерде ашылған. Ескерткіштегі адам мүсінінің қолында кітап бар. Бұзақы сол кітапқа отырып суретке түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети