Полиция баланы соққыға жықты деп айыпталған әкімнің ісіне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция баланы соққыға жықты деп айыпталған әкімнің ісіне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Полиция өкілдері Қорғалжын аудандық округінің баланы соққыға жықты деп айыпталуына қатысты іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғалжын аудандық округінің әкімі Жанат Омаровтың кәмелетке толмаған Мұқан Диасты соққыға жыққаны жайлы БАҚ-тарда жарияланған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында әкімге баланы соққыға жықты деген айып тағылғаны хабарланған болатын. "Мәселе облыстық басшылықтың бақылауында. Қазіргі таңда тексеру жүріп, тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, тергеу нәтижесінен кейін ақпарат беріледі", - деген еді Ақмола облыстық әкімінің кеңесшісі Марат Иғали.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети