25 ақпан 2018 17:49

Ақмола облысында әкім баланы соққыға жықты деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © 1pnz.ru Иллюстрация © 1pnz.ru

Қорғалжың ауылдық округының әкімі Жанат Омаров 8 сынып оқушысын соққыға жықты деген айыппен оған қатысты тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қорғалжың ауылдық округының әкімі Жанат Омаров 8 сынып оқушысын соққыға жықты деген айыппен оған қатысты тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мәселе облыстық басшылықтың бақылауында. Қазіргі таңда тексеру жүріп, тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, тергеу нәтижесінен кейін ақпарат беріледі", - деді Ақмола облыстық әкімінің кеңесшісі Марат Иғали. 

Иғали тексеру кезінде әкімді қызметінен шеттету туралы сұраққа, ақпараттың бүгін, демалыс күні түскенін, сондықтан шенеунікке қатысты облыстық әкімдіктің тарапынан ешқандай шараның қолданылмағанын айтты.

Әкімге қатысты айып Facebook желісі арқылы тарады. Оқушының анасы ұлы мен Жанат Омаровтың ұлының арасында жанжал болғанын жазды. Оның айтуына қарағанда, жанжалдан кейін балаларды мұғалімдер татуластырған. Алайда бала асханадан шыққанда оған әкім келіп, оны соққыға жығып, теуіп, бала есінен танып қалған. Баланың анасының айтуынша, қазір оқушы Қорғалжың аудандық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети