Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Полицейлер Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол апатының жай-жапсарын хабарлады

22 Мамыр 2015, 15:24
1
© vblage.ru
© vblage.ru

Полициядағылар Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын хабарлады, оқиғадан алты бала зардап шеккен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, жол апатына екі автокөлік қатысқан - Mazda маркалы жеңіл көлік пен Kia маркалы автобус.

Оның мәліметінше, Mazda автокөлігі "Жол бер" белгісіне тоқтамаған. Еске сала кетейік, жол апаты Қарасу ықшамауданында болды. "Заводская көшесімен келе жатқан Mazda "Жол бер" белгісіне тоқтамаған, ал ол жол - қосалқы, сөйтіп ол негізгі орталық жолға шығып кетіп, KIA маркалы автобусына соғылды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, сотқа дейінгі өндіріс басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде сот-медициналық сараптамасы бар, ол арқылы дене жарақаттарының деңгейі анықталады", - деді Әзірбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда мектеп автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан алты баланың зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың бесеуі - №1 балалар ауруханасында, ал бір бала №5 қалалық емханада жатыр. Бұған дейін балалардың қатысуымен болған жол апаты 20 мамырда тіркелді. Ол кезде жол талғамайтын Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі балабақша қоршауына соғылып, бес жасар қызды басып өлтірді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай