22 желтоқсан 2015 10:07

Полицейлер лимузинмен "дрифт-шоу" жасаған адамды тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Лимузинмен дрифт-шоу көрсеткен кентаулық жүргізуші 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова айтып берді.


Лимузинмен дрифт-шоу көрсеткен кентаулық жүргізуші 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова айтып берді.

Баспасөз қызметінің өкілдері Кентауда жол бойында көрсетілген "дрифт-шоуды" жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деп атады. Жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Видеодан Hummer маркалы лимузиннің 180 градусқа бұрылғанын көруге болады.

Полицейлер жүргізушіні аздаған уақыт ішінде тауып, ҚР ӘҚтК 595-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жүргізуші Кентау қаласының 1984 жылғы тұрғыны болып шықты.  


© tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети