17 шілде 2017 11:48

Полицейлер Сәтбаев қаласында табылған нәресте өлтірілген деген нұсқаны қарастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Полицейлер Сәтбаев қаласында өлі табылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Ресми ақпарат бойынша, әйел адам әлі ұсталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полицейлер Сәтбаев қаласында өлі табылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Ресми ақпарат бойынша, әйел адам әлі ұсталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері қоқыс жәшігінен табылған нәресте туралы жаңа деректерді айтып берді. Ресми ақпарат бойынша, қыздың денесі зорлықпен өлтіру іздерінсіз табылды. 

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сарапшының алғашқы қарауы зорлықпен өлтірудің анық іздерін байқаған жоқ. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде полицейлер болған жайтты анықтап жатыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде нәрестенің анасы ұсталды және ол баласын сіркесу қышқылы арқылы өлтірді деген сыбыс таралып жатыр. Бұл шындыққа сай емес. 

Еске салайық, мұның алдында Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылғаны хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети