23 қаңтар 2017 13:56

Полицейлерден соққы көрдім деп мәлімдеген алматылықтың ісін ІІД тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысының полицейлері құқық қорғау органдарының өкілдері ұрып-соқты деп арызданған алматылық Расул Ужурхановтың видеосына қатысты ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының полицейлері құқық қорғау органдарының өкілдері ұрып-соқты деп арызданған алматылық Расул Ужурхановтың видеосына қатысты ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде соққыға жығылып, бетінде жарақаттары бар жігіттің досымен бірге "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі аялдамада тұрғаны, содан бірнеше уақыттан соң олардың қасына құқық қорғау органдарының үш қызметкері келгені түсірілген видео пайда болды. Жігіттің айтуынша, полицейлер аты-жөндерін айтпай, олардан куәліктерін сұрай бастаған. Бірақ жігіттердің бірінің құжаттары болмаған. Содан Расул Ужурхановтың айтуынша, полицейлер оларды көлікке отырғызған.

Жігіттің айтуынша, полицейлер оларды Абай ауылына апарған. Сол жақта олар Расул Ужурхановты соққыға жыққан делінеді. Бірақ Расул Ужурханов қызметкерлердің кейбіреуінің ғана түрі есте қалғанын айтты.

Кейінірек Ужурханов Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғаның 2017 жылдың 14 қаңтарында шамамен 14.00-де болғанын айтты. "Біз аялдамада үйге Әйтей ауылына қайту үшін автобусты күтіп тұрдық. Содан бізге "Жигули" жақындады. Қарапайым көлік. Кейін олар мені спортзалда ұра бастады. Себебі мен хаттамаға қол қоюдан бас тарттым. Олар маған "мас күйінде көлік жүргіздің" деп айыппұл салмақшы болды. Сосын мені ауруханаға апарды. Куәландыруға апарыпты. Бірақ мен басымнан, бетімнен қан ағып жатқандықтан, бас тарттым. Мен басқа дәрігерден көмек алуды, кейін куәландыруға баруды сұрадым. Бірақ олар мені күштеп, ауруханаға апарды", - деді алматылық.

Содан кейін полицейлер оны аудандық ІІБ-не апарған. Онда кабинеттердің бірінде отырған бірнеше полицей оған құқық қорғау органдарына еш шағымы жоқ екендігі жайлы өтініш жаздыртпақшы болған. Расулдың айтуынша, бірнеше уақыттан соң сол жерге оның ата-анасы келген.

"Маған осы өтінішке қол қоюға тура келді. Ата-анам жағдайымды көргенде қатты қорқып кетті. Мен оларға шағымданудан бас тартқанымды және барлығы аяқталғанын айттым. Содан біз үйге қайттық, бірақ үйге барар жолда менің басым одан қатты ісіп кетіп, жүрегім айнып, есімнен танып қалдым. Дәрігерлер миымның шайқалғанын айтты", - деді Расул.

Ал жігіттің әкесі жақын арада аудандық ІІБ-не арыз жазбақшы екенін айтты.

Алматы облыстық ІІД мәліметінше, өзіндік қауіпсіздік бақсармасындағылар осы дерек бойынша қажетті тексерістерді жүргізіп жатыр.

"Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері 14 қаңтарда Ужурхановтың қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін ұсталғанын растады. Оның алкоголь ішімдік ішкенін медициналық куәландыру растады. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған Ужурханов орта дәрежеде мас болған. Билік өкілдеріне бағынбау дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Ужурхановтың жарақаттармен Қарасай аудандық ауруханасына түскені ресми түрде тіркелген", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети